Климакс емдеу

КЛИМАКС — АУРУ ЕМЕС

Климакстық кезеңді шатастыруға болмайды

Әйелдер бойында болатын климакс кезеңі менопауза деп аталады. Бұл кезең әртүрлі жағдайда өтеді. Менопаузаның белгілері біреулерде көңіл күйдің өзгеруімен ерекшеленсе, енді біреулерде денсаулық сыр беріп, ұйқысы бұзылады.

Климакстың басталу уақыты әркімде әрқалай жүреді. Көбінесе әйелдердің денсаулығы мен өмірінің сапасына байланысты климакс кезеңі ерте немесе кеш келіп жатады. Сондықтан бұл жағдайда дәрігерлер өшіп жатқан аналық безді қайта қалпына келтіруге көмектесе алмайды. Аналық бездің жұмыс жасау мүмкіндігі қыз баланың құрсақта жатқан кезінде жасақталады.

Климакстың ерте басталуына әйелге жасалған гинекологиялық оталар, гормондармен емделу, стресс, инфекциялық аурулар мен жат қылықтардың болуы әсер етеді. Шылым шегетін әйелдерде климакс кезеңі мерзімінен үш жыл бұрын ерте басталатыны медицинада дәлелденген. Дегенмен, әйелдердің басынан өтетін мұндай кезеңнің болуына оның қанша рет құрсақ көтеріп, түсік тастағаны әсер етпейді.

Климакс кезеңінің жақындағаны етеккірдің бұзылуымен білінеді. Бұл кезде әйелдерде етеккірдің келуі сирейді, олардың арасындағы уақыт ұзарады. Алғашқы климакс белгілері пайда болғаннан бастап менопаузаға дейін бірнеше жыл өтуі мүмкін. Сондықтан етеккірдің бұзылған кезеңін менопауза деп атауға болмайды. Бұл кезеңде гинекологқа барып, толық тексеруден өткен дұрыс. Өйткені көпшілік жағдайда әйелдер климакс басталды деген ұғыммен, етеккірдің бұзылуы салдарынан кейбір ауруларды өткізіп алып жатады.

Әйелдерде климактериялық кезең 45-55 жас аралығы саналады. Ал әйелдердің 3 пайызында климакс 40 жас шамасында басталады. Бірақ бұл кезеңнің әйелдерде ерте басталуы оның организміне әсерін тигізбейді. Мұндай әйелдерде тұрақты менопауза ұзақ уақыттан соң болуы мүмкін.

Климакс — ауру емес. Бұл — әйелдің ерекше жағдайы, олардың бойында кездесетін жаңа кезең. Климакс кезеңіне дейін әйелдер жасөспірім, жүктілік, босану кезеңдерінен өтеді.

Климакстың алғашқы белгілері пайда болғаннан бастап одан оңай өту жолдарын қарастыру қажет. Ол үшін жат қылықтарды шектеу немесе одан арылу, күнделікті тағамда жануар майын аз қолдану, күніне 2 литр артық су ішіп, тамақтану рационын дұрыстау қажет. Құрамында кальций бар тағамдарды неғұрлым көбірек пайдаланған дұрыс. Спортпен шұғылдану, ұйықтар алдында серуендеу де климакс кезеңінен оңай өтудің бір жолы. Егер осы аталған шаралардан еш нәтиже шықпаса, гормональді терапия жүргізіледі. Ол әйел ағзасындағы негізгі жыныстық гормон эстрогеннің орнын толтырады. Мұндай шаралар әйелдің қартаю процесін бәсеңдетуге, жұмысқа деген қабілетін арттырып, көңіл күйін жақсартады. Бірақ гормональді дәрілерді ішпес бұрын дәрігерден тексерістен өтіп, оның нұсқауларын бұлжытпай орындау керек.

А.ЖАЛШЕВА,

Ақтөбе қалалық №3 емхананың

Использованные источники:

Климакс ауру емес

Қыз-келіншектердің үрейін тудыратын бірде-бір құбылыс климакс. Бұл жыныстық толысудан егде жасқа өту, біртіндеп етеккірдің бітуін, бала туу жасының аяқталуын білдіреді. Аталмыш мезгіл екі кезеңнен тұрады. Бірі перименопауза болса, екіншісі постменопауза. Әйел өміріндегі соңғы етеккір менопауза.

Әйелдер бойында болатын климакс кезеңі менопауза деп аталады. Бұл уақыт әркімге әр түрлі жағдайда өтеді. Мәселен, менопауза біреулердің көңіл-күйіне әсер етсе, енді біреулердің денсаулығы сыр беріп, мазасыздық орын алуы әбден мүмкін. Климакстың басталуы да әрқалай. Орта жасы 50-55 болса, ерте климакс 35-40 жас аралығында болады. Климакстың ерте басталуына әйелге жасалған гинекологиялық оталар, гормондармен емделу, стресс, инфекциялық аурулар мен жат қылықтардың болуы әсер етеді. Шылым шегетін әйелдерде климакс кезеңі мерзімінен үш жыл бұрын ерте басталатыны медицинада дәлелденген. Климакстың белгілері пайда болысымен, гинекологке қаралған жөн. Және әрдайым жарты жылда бір рет тексеріліп тұру қажет. Бұл кезде етеккір келуін тоқтатады, бала көтеру мүмкіндігі шектеледі. Дегенмен, бұл мезетте әйелдер көптеген ауруларға шалдығуы мүмкін.

Менопауза кезеңінде омырау ауруының белгілері:

  • Көкірек клеткасындағы ауырлық сезім.
  • Омырау ауруы.
  • Қатты аурудың сезілуі.
  • Көкіректің ісінуі.
  • Сырқырап ауру.
  • Аурушаңдық.
  • Омырау сезімталдығының төмен болуы.
  • Шаншып ауру белгілері.

Менопауза кезеңінде іштің кебуі:

  • Салмақтың өсуі.
  • Іштің ісінуі.
  • Газдың шектен тыс пайда болуы.
  • Тамақтан кейін іштің ауруы.
  • Кекіру.
  • Іш кебу.
  • Ауырлықты сезіну.
  • Тәбеттің қашуы.

Менопауза кезеңінде аллергияның болуы:

  • Сырқаттың белгілері: бөрту, қызару, мұрынның қышуы, түшікіру.
  • Бірқалыпты ауру белгілері:бөртпе және қышу, тыныстың қиындауы, артериялық қысым
  • Ауыр жағдайдағы ауру белгілері:ісіну, іштің ауруы, құсу, сіңір тартылу, диарея, бастың айналуы.

40 жастан бастап, көп жағдайда құрамында витаминге бай азық-түлікті көбірек пайдаланған дұрыс. Сондай-ақ, жеміс-жидектер де көмектеседі. Тұз, көмірсуларды аз қолданған абзал. Климакс уақытында депрессияға ұшырамау үшін, өзіңді жақсы көріп, жақсы дүниелерге ынтық болу керек. Сол кезде ғана оңай өтіп кетесің.

Использованные источники:

«Климакстың» кілтипаны көп

«Басым жиі ауырады, бір ысынып, бір суынам, мазам жоқ, тершең боп кеттім». Дәл осылай шағым айтатын әйелдердің басым көпшілігі қырықтың ішіндегі келіншектер. Бұл жастағы әйелдің ағзасында көп өзгеріс орын алады. Тіпті, психологиялық тұрғыдан да мазасызданып, жүдеп кетеді. Бұл ахуалдың негізгі себебі климакс. Қазақшаласақ, етеккірдің тоқтауы.

Климакс кезеңі әр әйелде әрқалай өтеді. Біреулер қатты күйзеліске түсіп, жүдеп кетсе, енді біреуде қалшылдап жаурау немесе күйдіріп-жандырған ыстық, шаршаңқылық байқалады. Осының салдарынан әйелдің жүйке жүйесі де босаңсып, не болса соған өкпешіл, жәй ғана нәрсеге бола бұлқан-талқан ашуланғыш болып кетеді. Оны сондай-ақ тершеңдік те мезі етіп жібереді. Мұндай жағдайлар, әрине, өз ағзасында болып жатқандықтан, әйелдердің көңіл күйі де құбылмалы болып келеді. 40-тан асқан әйелдің етеккірі қалыпты ережеден өзгеріп жатса, климакстың алғашқы белгісі осы. Бұл кезде етеккірдің келуі сирейді. Ай сайынғы ереже өзгеріп, 2-4 айда бір келетін болады. Бұл кезең пайда болғаннан бастап, бірнеше жыл жалғасуы мүмкін. Етеккірдің мүлдем тоқтауы – менпауза. Мұндай кезеңде міндетті түрде гинекологқа барып емделу керек. Мән бермеген жағдайда созылмалы дерттің сан түрі бас көтереді. Себебі ағзада гармондық өзгеріс болып жатыр. Осы күнге дейін аналық безінің дұрыс жұмыс жасауын қалыпта ұстап келген гармондар азайып, жұмысы әлсірей түседі. Бұл ағзадағы сүйектің, жүрек пен бүйректің де жұмысын әлсіретеді. Осыны ескеріп, дер кезінде кеңес алып, ем қабылдауыңыз керек. Емнің негізгі түрі – гармонды терапия. Көп әйел емнің бұл түрін естігенде бірден бас тартып жатады. Бұл «гармон ішсем толып кетемін» деген түсінік. Ал шын мәнінде олай емес. Ол әйел ағзасындағы негізгі жыныстық гормон эстрогеннің орнын толтырады. Мұндай шаралар әйелдің қартаю процесін бәсеңдетуге, жұмысқа деген қабілетін арттырып, көңіл күйін жақсартады. Бірақ гормоналді дәрілерді ішпес бұрын дәрігердің тексеруінен өтіп, оның нұсқауларын бұлжытпай орындау керек . Ем тағайындаушы дәрігер тиісті гармонды сіздің физиологиялық ерекшелігіңізге қарай анықтап береді. Әдетте климакс кезеңі басталып, менпаузаға жеткенше көп әйел тез қартайып кетеді. Бұл аурушаңдық сезім мен ішкі күйзелістің әсері. Сондықтан дер кезінде гинеколог маманға бару керек. Әдетте көп келіншек өзге саланың дәрігеріне барып, емді дұрыс алмайды. Басы ауырса невропатолог, буыны сырқыраса ревматологқа барып жатады. Ең алдымен әйелдерге кеңес беру кабинетіне, сосын дәрігер эндокринологқа баруыңыз керектігін ескеріңіз. Сонда емнің шипасы қонымды болмақ.

Климакс – ауру емес. Бұл әйелдің ерекше жағдайы, бойында кездесетін жаңа кезең. Сондықтан климакстың алғашқы белгілері пайда болғаннан бас-тап одан оңай өту жолдарын қарастыру қажет. Ол үшін салауаттылыққа аса мән беру керек. Темекі, спирттік ішімдік атаулыдан бас тартып, дұрыс тамақтану керек. Бірақ тағамға жануар майын пайдаланудан аулақ болыңыз. Оның орнына құрамында кальций бар тағамдарды неғұрлым көбірек пайдаланған дұрыс.

Дәрігерлерді алаңдатып отырған тағы бір жайт бар. Ол климакстық кезеңнің тым ерте келуі. Соңғы кезде 28-35 жастағы келіншектердің арасында да климакс белгілері кездесіп жүр. Мамандар мұны стресс, экология және тұрақсыз жыныстық қатынастың әсері деп біледі. Сондай-ақ әйелге жасалған гинекологиялық ота, гормондармен емделу, инфекциялық аурулардың да әсері бар. Деректерге сүйенсек, шылым шегетін әйелдерде климакс кезеңі мерзімінен үш жыл бұрын ерте басталатыны дәлелденіп отыр.

Қаласаң да, қаламасаң да, бойыңда күш-қуатың тасып, байлығың асып тұрса да, бәрібір уақыт өз дегенін істейді. Қалай болғанда да 40-тан асқан әйелдер физиологиялық кезеңді бастан өткізуіне тура келеді. Егер бұл кезеңді ешқандай асқынуларсыз өткізем десеңіз өзіңізді күте біліңіз. Әрдайым сабырлы болуға тырысып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Әдемі қартая білудің өзі – өнер.

Ақмарал Мырзахметова

Атхамжан Мамытжанұлы

Атхамжан Мамытжанұлы, ОКА дәрігер -гинекологы

– Климакс кезеңі басталғанда әйелдiң жүктiлiк қабiлетi азаяды да түрлi сырқаттардың бас көтеруiне әкеп соғады. Адам ағзасындағы қажеттi гармондардың бiрi – экстрагендiк гармондар. Ол жас ұлғайған сайын азая бередi де, ол азайған сайын әйел ағзасы да өзгерiске ұшырай бередi. Түрлi себептерге байланысты әркiмде әртүрлi болады. Ең бастысы оның пәлендей сырқат емес, қарапайым тiлмен айтар болсақ, ағзаның өзгерiске ұшырауы, соған жүйкенiң жауабы десек те болады. Әйелдегi болып жатқан физиологиялық өзгерiстер кезiнде көбiне жатыр, жұмыртқа безiнiң және сүт бездерi iсiгiнiң көбеюi бiр қарағанда заңдылық. Өйткенi ағзадағы әрбiр мүшенiң қажеттi гармоны төмендеген сайын атқаратын қызметi де әлсiрей бас-тайтыны анық. Зат алмасу тұсындағы кезеңде, әсiресе сүйектердiң зақымдануы, яғни астефороз ауруына жиi соқтырады. Сондықтан әрбір әйел 40-тан асқанда өзіне ерекше күтім жасауы керек. Әрбір 6 айда гинеколог маманның кеңесін алуды ұмытпаған жөн.

Использованные источники:

Климактериялық синдром. Климакс

Климактериялық синдром

Климактериялық кезең — жастық ерекшеліктерге байланысты репродуктивті жүйенің инволютивті өзгерістерімен сипатталатын физиологиялық өмір кезеңі. Климактериялық кезеңнің үш сатысын ажыратады: пременопауза — менопауза алдындағы кезең (шамамен 2–5 жыл), менопауза — соңғы менструальды қан кету, менопаузадан кейінгі кезең — менопаузадан бір жылдан кейін дамитын өмір кезеңі.

Этиологиясы мен патогенезі. Пременопауза кезінде аналық без қызметінің төмендеу себебіне ондағы гонадотропиндерге сезімтал рецепторлар санының азаюы жатады, нәтижесінде эстрадиол, прогестерон, андростендион және тестостерон өндірілуі төмендеп, аналық без көлемі 2–3 есе кішірейеді. Несеп-жыныс жүйесіне және сүйектерге эстрадиолдың трофикалық қызметінің жоғалуы атрофиялық вагинит, дизуриялық бұзылыстар мен остеопороз секілді асқынулардың дамуына әкеледі. Менопауза басталғаннан атеросклероздың дамуына әкелетін липидті спекторда атерогенді өзгерістер дами бастайды.

Эпидемиология. Қалыпты жағдайда менопауза 45 және 55 жас арасында көрініс береді (жиі 50–51 жаста). Темекі тартатын әйелдерде менопауза шамамен екі жыл ерте дамиды.

Клиникалық көріністері

  1. Әйелдердің 90 %-да етеккір бұзылыстары менопауза басталғанға шамамен 4 жыл бұрын көрініс береді.
  2. Қызба толқындары (әйелдердің 40%-да) жиі тершеңдікпен, терінің қызаруымен ұштасып, жиі менопаузадан 5 жылдан кейін жоғалады.
  3. Несеп шығару бұзылыстары (50 %) уретра мен қуық мойнының атрофиясы нәтижесінде дамып, зәрді ұстай алмаумен (жөтелгенде, күлгенде, тез жүргенде), жиі цистит және пиелонефритпен көрінеді.
  4. Сексуальды бұзылыстар: либидонің төмендеуі, қынаптың құрғақтануы, диспареуния.
  5. Эмоциональды бұзылыстар: тітіркенгіштік, көңіл-күйдің өзгеруі, депрессия, фобия.
  6. Сүйек сынуының жоғарғы қаупімен сипатталатын остеопороз.
  7. Атеросклероз асқынулары, ең алдымен-ЖИА.
  8. Деменция; әйелдерде Альцгеймер ауруы ер адамдармен салыстырғанда 2–3 есе жиі дамиды және оның патогенезінің негізінде эстрогендер тапшылығы жатыр.

Диагностикасы. 50 жас шамасындағы әйелдерде етеккірдің тоқтауы постменопаузаның дамуын көрсетеді. Бірқатар жағдайларда оның дамығанын гормональды зерттеулер арқылы дәлелдеуге тура келеді. Зерттеу нәтижелері ФСГ деңгейінің жоғарылап, эстрадиол деңгейінің төмендегенін көрсетеді. ФСГ деңгейінің жоғарылау дәрежесі постменопаузальды симптомдар мен асқынулардың айқындылығымен корреляцияланбайды. Егер әйелге эстрогендермен орынбасушы терапия тағайындалатын болса, келесі зерттеу шараларын жүргізген орынды: маммография, жамбас астауының УДЗ-сі, атпияға жатыр мойнынан жағынды, жүрек-қантамырлар аурулары мен тромбоэмболиялық асқынулардың даму қаупін бағалау.

Салыстырмалы диагностикасы. Урогенитальды ауруларға, остеопорозға, қызба толқындарына, эмоционалды бұзылыстарға әкелетін тағы да басқа себептер.

Емі. Эстрогендермен орынбасушы терапия симптомдарды басу мақсатында (қызба толқындары, урогенитальды симптомдар, атрофиялық вагинит) және климактериялық кезеңге тән басқа да асқынулардың (остеопороз, ЖИА, деменция) алдын алу мақсатында тағайындалады. Эстрогендер (жатыр болғанда — прогестиндермен бірге) таблетка түрінде, теріге жабыстырылатын таңғыштар немесе вагинальды балауыздар ретінде беріледі. Эстрогендер көмегімен қызба толқындары, қынаптың құрғауы, урогенитальды бұзылыстар секілді симптомдар тез басылады. Дегенмен, постменопауза кезеңінде эстрогендермен ұзақ уақытқа созылған орынбасушылық терапия жөнінде бір жерден шығатын пікір қалыптаспаған.

Болжамы. Эстрогендермен орынбасушы терапия сүйектің сыну,Альцгеймер ауруы, тоқ және тік ішектің қатерлі ісігі ауруларының даму жиілігін 50 %-ға төмендетеді. Дегенмен, сүт безінің қатерлі ісігі мен тромбоэмболияның даму қаупін жоғарылатады.

Достарыңмен әлеуметтік желіде бөліс

Автор публикации

KazMedic

Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Сайт бойынша іздеу

Ең үздік материалдар

  • Рефлюкс нефропатия(5,00 тен 5)
  • Стоматологиядағы микробқа қарсы препараттар(5,00 тен 5)
  • Описторхоз(5,00 тен 5)
  • Жыныстық қатынас(5,00 тен 5)
  • Стоматологиядағы протездер(5,00 тен 5)
  • Көз жарақаттары(5,00 тен 5)
  • Плевра эмпиемасы(5,00 тен 5)
  • Заманауи ингаляциялық анестетиктер(5,00 тен 5)
  • Жедел бүйрек жетіспеушілігі(5,00 тен 5)
  • Пилоростеноз(5,00 тен 5)

KazMedic © 2018
Барлық құқықтары қорғалған

Использованные источники:

Менопауза (етеккір тоқтау шағы)

Мазмұны

Менопауза дегеніміз не?

Менопауза – әйелдерде етеккірдің толығымен тоқтауы. Ол аналық бездің қызметінің өшуінде және әйелдердің жыныстық гормондары — эстроген мен прогестеронның өндірілуінің азаюында пайда болады. Бұлар етеккір айналымын реттейтін гормондар. Менопауза орнауының уақыты әр түрлі, қалыпты жағдайда 40-59 жаста болды. Менопауза – бірнеше жылға созылатын, біртіндеп өтетін үрдіс.

Пременопауза – менопаузаға дейін 3-5 жыл уақыт кезеңін сипаттайтын термин.

Менопаузаның жиі кездесетін симптомдары қандай?

Кейбір әйелдерде етеккір тоқтауында симптомдар болмайды. Ал әйелдердің көпшілігінде кейбір келесідей симптомдар болады:

Етеккір айналымының бұзылысы . Бұл менопауза симптомдарының алғашқыларының бірі. Етеккір жиірек болып немесе бір мезгіл болмауы мүмкін. Етеккірлік қан кетуі әдеттегіден көп немесе аз болуы мүмкін.

Ысынулар. Ысынулар — менопаузаның жиі кездесетін симптомы. Ысынулар дененің жоғарғы жартысында және баста кейде пайда болатын қызыну сезімі. Бұл кезде тері қызарып, тершеңдік пайда болады. Жүрек айнуы және бас айналуы, бас ауыруы және жүрек соғуының жиілеуі сезілуі мүмкін.

Қынап ішінің құрғақтығы. Менопауза кезінде және одан кейін қынаптың (іншектің) және жыныстық ағзалардың терісі жұқарады. Қынап (іншек) жыныстық қозу кезінде бөлінді өндіру қабілетін жоғалтады. Бұл өзгерістер жыныстық қатынас кезіндегі ауырсынудың пайда болуына апаруы мүмкін. Жыныстық қатынас кезіндегі ауырсынуды азайту үшін су негізіндегі лубрикант (ылғалдандырғыш) немесе қынап аумағына ылғалдандыратын крем қолдануға болады.

Сондай-ақ, құрамында эстроген бар қынаптық кремді қолданудың артықшылығы мен қауіптері туралы дәрігермен кеңесуге болады.

Несеп шығару жолдарының аурулары. Менопауза кезінде және одан кейін әйелдер несепқап пен несеп шығару жолдарының инфекциясына бейім болады. Несеп шығару жиілесе, немесе несеп шығаруда немесе несеп кешігуінде күйдіру сезімі болса, дәрігерге көрініңіз.

Бас ауыруы, түнгі тершеңдік, ұйқыдағы мәселелер, шаршау және басқа симптомдар. Менопауза кезінде ұйқыға кетуде немесе ұйқыда мәселелер болады. Түнгі тершеңдіктен оянуыңыз мүмкін. Ұйқының тез фазасы бұзылуы немесе болмауы мүмкін, сондықтан шаршау және күйгелектену сезімі пайда болады.

Салмақтың артуы. Көптеген әйелдер менопауза кезінде салмақ қосады. Салауатты емдәм және ұдайы дене жүктемесі сымбатты сақтауға көмектеседі.

Келесі симптомдар болса, дәрігерге көрініңіз:

  • Етеккір айналымының бұзылыстары
  • Көп қан кетуі
  • Етеккірдегі қан кетуінің ұзаруы
  • Етеккір 3 аптадан жиірек болады
  • Жыныстық қатынастан кейін қан кетуі
  • Етеккір аралық кезеңдегі кез келген қанды бөліністер

Менопауза кезінде көңіл-күй симптомдары пайда болады ма?

Көптеген әйелдерде менопауза кезінде көңіл-күй симптомдары болады. Оларға түңілу, үрейлену және көңіл-күй өзгерісі жатады. Кейбір әйелдерде симптомдар күрделі болуы мүмкін. Егер көңіл-күй симптомдары пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет.

Менопауза қашан пайда болады?

Менопауза орнауының уақыты әр әйелдерде әр түрлі болады. Шамамен алғанда, пенопауза 51 жаста орын алады. Қалыпты саналатыны 49-59 жас аралығында. Әйелдерде менопауза көбінесе, анасында болған жасында болады. Егер етеккір ерте тоқтаса (40 жасқа дейін), дәрігер қан талдауын тағайындайды, бұл етеккір айналымының бұзылысымен өтетін басқа ауру еместігін, менопауза екендігін анықтау үшін қажет.

Менопауза – бірнеше жылға созылатын, біртіндеп өтетін үрдіс. Егер етеккір қатарынан 12 ай бойы болмаса ғана менопауза туралы айтуға болады. (Осы кезде жүктілікті қаламаған жағдайда контрацепция әдістерін қолдану қажет).

Аналық безді оперативтік алып тастаған жағдайда әйелдерде «хирургиялық» менопауза орын алады. Жатыр алып тасталса, аналық без сақталса, әйелде етеккір тоқтайды, бірақ, «хирургиялық» менопауза болмайды.

Гормондық алмастыру емдеуі дегеніміз не?

Гормондық алмастыру емдеуі (ГАЕ) – менопауза симптомдарын емдеуге арналған синтетикалық гормондарды тағайындау арқылы өтетін емдеу әдісі. ГАЕ кезінде эстроген жеке немесе прогестерон гормонымен бірге тағайындалады. Кейбір әйелдердің айтуынша, ГАЕ кезінде ысыну, қынаптың құрғақтығы, несеп шығаруға қатысты басқа мәселелер секілді симптомдар жеңілдейді. Бірақ, бұл емдеу барлық әйелдерге жарамды емес. Жаңа зерттеулерге сай, кейде ГАЕ кезіндегі қауіптер оның артықшылығынан асады. ГАЕ артықшылығы мен қауіптері туралы дәрігермен кеңесіңіз.

Басқа емдеу әдістері бар ма?

Иә. Эстрогені бар крем, антидепрессанттардың аз мөлшері, соя өнімдері және кейбір өсімдік тектес қоспалар менопауза симптомдарын жеңілдетеді. Бұл нұсқалар туралы дәрігермен кеңесіңіз.

Фитоэстрогендер дегеніміз не?

Фитоэстрогендер –кейбір дәнді дақылдарда, көкөністерде, аскөгінде, үрме бұршақта және басқа бұршақ тұқымдастарда болатын өсімдік тектес заттектер. Олар организмде эстрогеннің ролін атқарады. Ғалымдар кейбір менопауза симптомдарын жеңілдету үшін фитоэстрогендер қолданылуы мүмкіндігін зерттеуде. Сондай-ақ, осы заттектерден болатын жанама әсерлер де зерттелуде.

Көптеген соя өнімдері, мысалы, тофу, темпе және соя жаңғақтары – фитоэстрогеннің көзі. Кейбір зерттеулерге сай, соя өнімдері әйелдерде менопаузадан кейін ысынуды азайтуы мүмкін. Дегенмен, бұл зерттеулердің нәтижелері нақты болмауы мүмкін.

Қазіргі кезде менопауза симптомдарын жеңілдету үшін фитоэстрогені бар шөптерді, олардың негізіндегі таблеткалар мен кремдерді қолдану үшін ғылыми деректер жеткіліксіз. Сондай-ақ, осы өнімдерді қолданумен байланысты қауіптер де толық зерттелмеген. Кейбір шөптер және қоспалар дәрілік препараттармен бірге зиянды болуы мүмкін. Кез келген табиғи және шөп өнімдерін симптомдарды жеңілдету үшін қолдануды жоспарлауда алдын ала дәрігермен кеңесу қажет.

Менопауза кезінде белгілі бір өнімдерді немесе сусындарды қабылдауды шектеу қажет пе?

Егер ысыну орын алса, ащы немесе ыстық тағамды, сусынды тұтынуды шектеу қажет. Алкоголь қабылдау да ысынуды туындатады. Одан басқа, алкоголь сүйектің өсуі мен кальцийдің сіңірілуіне кедергі келтіреді. Менопаузадағы әйелдерге алкогольді тұтынбау немесе шектеу қажет.

Емдәм ұстану ұйқының сапасына әсер етеді ме?

Келесі кеңестер ұйқыға қатысты мәселелерді жоюға көмектеседі:

  • Тағам қабылдау ұдайы және белгіленген уақытында болуы тиіс.
  • Түнге қарай тамақ ішуден және түнгі бір асардан алшақ болу қажет.
  • Кофеде, шәйда, шоколадта және колада болатын кофеинді шектеңіз. Кофеин қанда 6 сағат бойы сақталады және ұйқыдағы мәселеге апарады.
  • Алкоголь тұтынудан алшақ болыңыз. Алкогольден ұйқы басуы сезіледі, бірақ, ол ұйқының тез және баяу фазасына әсер етеді. Бұл түнде оянуға апарады.

«Ысыну» кезіндегі жәрдем

  • Салқын бөлмеде ұйқтаңыз.
  • Ыстықтаған кезде киімді жеңіл шешетіндей етіп киіну қажет.
  • «Тыныс алатындай» мақта матадан немесе табиғи матадан киім кию қажет, осылайша, қызынудан алшақ боласыз. Төсекке мақта маталы жабынды салыңыз.
  • «Ысынуда» салқын су немесе басқа сусынды ішіңіз.
  • Дене жүктемесін арттырыңыз.
  • Ысынудың себебін анықтап, осы факторлардан алшақ болыңыз. Ащы тамақ, алкоголь, тар киім және ыстық ылғал ауа райы осыларға жатады.

Менопауза сүйектің саулығына қалай әсер етеді?

Әйелдің жасы артқан сайын остеопороз даму қаупі артады. Бұл қауіп менопауза кезінде артады. Менопауза кезінде эстроген деңгейінің азаюында сүйек тінінің ыдырауы оның қалпына келуінен артық болады. Бұл сүйекті әлсіз етеді, сынық қаупі артады. Сүйектің мықтылығын қолдау үшін тамақпен кальций мен Д дәруменінің мол мөлшерін тұтыну маңызды. Д дәрумені организмге кальцийді сіңіруге көмектеседі.

Дәрігер тамаққа құрамында кальций бар өнімді немесе кальций препарарттарын қабылдауды ұсынуы мүмкін. Сондай-ақ, организмде кальций жақсы сіңуі үшін Д дәруменін тағайындайды. Өзіңізге кальций мен Д дәруменінің қандай мөлшерін қабылдау қажеттігін дәрігерден сұраңыз.

30-50 жас аралығындағы әйелдер үшін кальцийдің тәуліктік нормасы — 1000 мг. 50 жастан асқан әйелдер үшін күніне 1200 мг кальций қажет. Сүт, йогурт, басқа сүт өнімдері — кальцийдің жақсы көзі. Соя бұршақтары, брокколи және тофу да оған жатады.

30-70 жас аралығындағы әйелдер үшін Д дәруменіне тәуліктік қажеттілік, кемінде, 600 халықралық бірлікті (МЕ) құрайды. 70 жастан асқан әйелдер күніне Д дәруменін 800 МЕ мөлшерінде қабылдауы қажет. Майлы балық, албырт және тунец секілді, — Д дәруменінің жақсы көзі.

Менопауза жүректің саулығына қалай әсер етеді?

Менопаузадан кейін әйелдер жүрек ауруларының дамуына бейім келеді. Организмде эстрогендер деңгейінің төмендеуімен қатар денсаулыққа қатысты басқа да мәселелер пайда болуы мүмкін. Оған жататындар – дене салмағының артуы, аз қимылды өмір салты, артериялық қысымның артуы немесе қант диабеті. Денсаулыққа қатысты осы мәселелердің даму қаупін азайту үшін тамаққа қоректік заттектерге бай, алуан түрлі тағам өнімдерін тұтынып, белсенділік пен салауатты салмақты қадағалау қажет.

Менопауза қандағы темірдің деңгейіне қалай әсер етеді?

Егер етеккір сақталса, олар мол келетін болса, немесе етеккір арасында қан кетуі болса, сіз организмде темір деңгейінің төмендеуіне бейім боласыз. Бұл анемияға апаруы мүмкін. Тамаққа кемінде, 3 өнімді тұтыну арқылы осы микроэлементтің жеткілікті мөлшерін жеткізуге болады. Темірдің мол мөлшері саумалдықта, үрме бұршақта және етте болады. Сондай-ақ, дәрігер темір препараттарын тағайындайды.

Использованные источники:

Менопауза және әйелдің климакстік ахуалы

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар — 2014

Выставочный центр » Көрме «

31 октября-2 ноября 2018

Ваш промокод : AZD18MEDE

Бесплатный билет по промокоду!

Астана, выставочный центр » Көрме «

31 октября — 2 ноября

Ваш промокод : AZD18MEDE

Получить бесплатный билет по промокоду!

Анықтамасы

Анықтамасы

Климактерий – ағзаның жас өзгерістері көрінісінде репродуктивті жүйедегі инволюциялық үрдістер басым болатын әйелдің өміріндегі физиологиялық кезең.

Климакстік синдром – әйелдің климакстік кезеңде туындайтын және жүйке-психикалық, вегативті-қантамырлық және алмасу-трофикалық бұзылулармен сипатталатын патологиялық ахуалы.
Хаттаманың аталуы: Менопауза және әйелдің климакстік ахуалы

Хаттама коды:

ХАЖ-10 коды (-тары):N95.1 — Менопауза және әйелдің климакстік ахуалы
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АлАТ — аланинаминотрансфераза;
АсАТ — аспартатаминотрансфераза;
ТГ-АД — тиреоглобулинге антидене;
ТПО -АД –тиреоид пероксидазаға антидене;
ЕРА – екі фотонды рентген абсорбциометрия;
АГТ- алмастыру гормоналды терапиясы;
ДМИ – дене массасы индексі;
ЛГ-лютеинделетін гормон;
ДЗ – дәрілік заттар;
ХҚҚ – халықаралық қалыптандырылған қатынас;
СЖМТ – сүйек тіндерінің минералды тығыздығы;
Пап-тест – Папаниколау бойынша жатыр қынапынан алынған сүртіндінің цитологиялық зерттелуі;
ПУ- протромбиндік уақыт;
ПИ – протромбиндік индекс;
ЕФМК – ерітілетін фибрин моноөлшеу кешені;
Т3 — трийодтиронин;
Т4 – тироксин;
ТТГ — тиреотропты гормон;
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу;
ФЫГ- фолликула ынталандырушы гормон;
ЖТЛП-ХС- жоғары тығыздықтағы липопротеиндер холестерині;
ТТЛП-ХС – төменгі тығыздықтағы липопротеиндер холестерині;
ӨТТЛП -ХС – өте төмен тығыздықтағы липопротеиндер холестерині;

Хаттаманы әзірлеу күні: 2014 жыл.

Пациенттер санаты: менопауза уақытындағы/ кейінгі әйелдер.

Хаттаманы пайдаланушылар: акушер-гинекологтар, терапевтер, жалпы тәжірибеде дәрігерлері, кардиологтар, эндокринологтар, урологтар, травматологтар, фельдшерлер.

Жіктемесі

Диагностика

Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
Зертханалық зерттеулер:
-қанды биохимиялық талдау (креатинин, АЛТ, АСТ, глюкоза, билирубин, холестерин, триглицеридтер);
-коагулограмма (ПВ-ПТИ-ХҚҚ, VII факторын, фибриномономерлер ерітілетін кешендерін (МКЕФ), қан плазмасындағы плазминоген, -фибриногеннің белсенділігін анықтау, тромбоциттердің адгезиясы мен агрегация реакциясын жүргізу).
жатыр мойнағынан алынған сүртіндіні цитологиялық зерттеу ПАП-тесті.
Аспаптық зерттеулер:
-гинекологиялық трансвагиналды УДЗ;
-маммография.

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер (көрсетімдер бойынша):
-имммунохемилюминисценция әдісімен қан сарысуындағы ФЫГ, ЛГ, эстрадиол, пролактин, тестостерон жыныс гормондары деңгейін анықтау;
-имммунохемилюминисценция әдісімен қан сарысуындағы Т3, Т4, ТТГ, ТПО-АД, ТГ -АД қалқанша без гормондарын деңгейін анықтау;
-МКПТ анықтау мақсатында омыртқа бөлігі мен жамбас бөкселі жамбассүйек буындардың ДРА-денситометриясы;
-глюкозаға төзімділікке сынама (артық салмағы бар әйелдер үшін);
-қанды биохимиялық талдау: қан сарысуындағы ЖТЛП-ХС, ХС-ЛПНП, ХС-ЛПОНП анықтау, атерогендік индексі (артық салмағы бар әйелдерде);
-бауыр УДЗ.
Жоспарлы госпитальдауға жібергенде жүргізуге қажетті тексерулердің минималды тізімі: жүргізілмейді

Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер: жүргізілмейді.

Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер: жүргізілмейді.

Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.

Диагностикалық критерийлер: ***

Шағымдар мен анамнез[1,2,3]:

Шағымдар:
-етеккір циклының қысқаруы/ етеккірдің ұзақ тоқтап қалуы (пременопауза кезінде).
Климакс синдромының ерте пайда болуы кезінде:
-вегето-қантамырлы (вазомоторлы) бұзылулар: (ыстықтау, қалшылдау, аса тершеңдік, бас ауруы, артериалды гипотензия немесе гипертензия, жүректің жиі соғуы);
-эмоционалды-вегетативті бұзылулар: ашуланшақтық, ұйқыбастылық, әлсіздік, мазасыздық, күйзеліс, ұмытшақтық, зейінсіздік, либидоның төмен түсуі.
-урогенитальды бұзылу – қынаптағы құрғақтық (жыныстық акті кезінде ауырлық); қышу және ашыту, уретралалық синдром, цисталгия, несепті ұстай алмау;
-тері мен бетіндегі қосалқылардың оның үстіндегі өсінділердің зақымдануы (құрғақтық, тырнақтың сынғыштығы, әжімдер, шаштың құрғауы мен түсуі);
Климакс синдромының кешеуілдеп айқындалуы:
-постменопаузалы метаболиялық синдром (атеросклероз, артериалды гипертензия, гиперлипимедия, инсулин резистенттілік);
-невралгиялық: когнитивті қызметтің, мидың, көздің, есту қабілеттерінің төмендеуі;
-сүйек-бұлшықеттік: остеопороз, остеоартрит (5.А).
Климакс синдромының ауырлығы [4.С] 1-қосымша бойынша Куперман интергральды индексінің негізінде бағалануы мүмкін.
Анамнез:
-сүт бездерінің қатерлі ісігі мен тромбоздың дамуы тәуекелі бойынша тұқым қуалаушылық қауіпі;
-гинекологиялық аурулар мен басқа оталар;
-соматикалық аурулар, оның ішінде эндокринопатия.
Физикальды зерттеу:

Антропометриялық көрсеткіштер [2]:
-дене салмағының индексін бағалау (семіздіктің абдоминальды және/немесе висцералды түрінің қалыптасуымен бірге салмақтың артуы мен майдың қайта бөлнуі, бел шеңберінің ұлғаюымен расталады (>80cм), бел шеңбері БеШ қатынасы/бөксе шеңберіне қатынасы (БөШ) (>0,8);
-АҚ артуы;
-тырнақтың құрғақтығы, сынғыштығы, әжімдер, шаштың құрғақтығы мен түсуі;
-кіші жамбас ағзаларының эстрогентәуелді ауруларының жоқтығы;
-қатерлі ісік және сүт б ездері қатерлі ісік алды аурулардың болмауы.
Зертханалық зерттеулер:
-қанды биохимиялық талдау: гиперинсулининемия, глюкозаға төзімділіктің бұзылуы, гиперхолестеринемия, дислипимедия (ЖТЛП-ХС төмендеуі, ХС-ТТЛП, ӨТТЛП -ХС артуы, атерогендік индексі – 4-тен артық);
-коагулограмма: VII факторының артуы, плазминоген ұлпасының деңгейін азайту және плазминоген-1 белсендірушісінің ингибиторын арттыру (ИАП-1);
-(ПАП-тест) жатыр мойнағынан алынған сүртіндіні цитологиялық зерттеу : жатыр мойнағы патологиясының жоқтығы;
-қандағы ФЫГ, ЛГ, эстрадиол, пролактин, тестостерон деңгейін анықтау:
қан сарысуындағы эстрадиолдың төменгі деңгейі (

Использованные источники: